Бүгін Орал қаласында еріктілер Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірігіп қала маңындағы №№1,2,3 саяжай аумақтарына барып, су тасқыны кезіндегі қабылдау қажет іс-шаралар туралы жаднамалар таратып, түісндірме жұмыстарын жүргізді.
Саяжайлар су басу қаупі бар Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Аталған саяжайларда тұрақты түрде 3000-ға жуық тұрғындар тұрады. 50-ден астам еріктілер саяжайдағы үй-үйді аралап, тұрғындарға жаднамаларды таратты.
Жаднамаларда су басу қаупі төнген кезде алдын ала хабарламаларды қайдан алуға болатыны, су басқан кезде және үйден көшу мүмкін емес болған жағдайда қандай шаралар қабылдап, әрекеттер жасау қажеттігі туралы жазылған. Сонымен қатар барлық анықтамалық ақпарат көрсетілген.