Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тағы бір топ депутат су алып жатқан өңірлерге барып, халықпен бірге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Фото: baq.kz
Мәжіліс спикері бұл туралы палатаның жалпы отырысында айтты.
- Депутаттарымыз су алған бірқатар өңірге барып, халықпен бірге болып, жұмыс істеп келді. Нақты көмектерін көрсетіп келді. Менің ойымша, осы жерде (Мәжілісте – ред.) отырып әңгіме айту емес, осындай жұмыс керек. Пленарлық отырыс біткеннен кейін тағы да бір топ су алып жатқан өңірлерге шығады, - деді Қошанов.
Қошанов депутаттар елмен бірге болатынын айтты.