15.02.2023, 21:50
Оқылды: 51

«Ерліктерің есімізде мәңгілік»

15 ақпан - кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Соған орай Переметныйда осындай атаумен іс-шара өтті.

D16FEA80-4E62-4839-BD91-AABA15907E8A

Іс-шара «Жеңіс» саябағындағы ауған ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіштің қасынан бастау алды. Мұнда ауған және тәжік-ауған соғыстарының ардагерлерінің құрметіне және сол әскери қақтығыстарда мерт болғандарды еске алуға арналған салтанатты митинг болды. Жиналғандар Ауған соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

7B5350A6-D143-4BC7-AB52-957E651F4F7A

Өз сөзінде аудан әкімі Марат Тоқжанов соғыста  жауынгерлік анты мен парызына өмірінің соңына дейін адал болып, интернационалдық борышын орындаған жауынгерлерге  әрқашанда  құрмет көрсетілетінін айтып, еліміздің аспаны ашық, жаулары қашық болуын тіледі. Содан соң жиналғандар ескеркішке гүл шоқтарын қойды.

64F79B42-753B-4B3E-80BF-83FADC00A615

Іс-шараның екінші бөлігі аудандық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты. Онда Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы, подполковник Қуат Мателиев бүгінгі атаулы шараның ауқымы кең, маңызы жоғары екенін айтты. Соғысты көзбен көрген ардагерлердің бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі мол екеніне тоқталды.

1A1FF54D-41BE-4A24-9903-38A5069A2AC9

Ардагерлер арасынан сөз алған Жақсылық Майкенов майдандас жолдастарын еске алып, бүгінгі бейбіт күннің бағасы жоғары екенін атап өтті. Өздері көрген зұлматты жылдарды қазіргі ұрпақтың көрмеуін тіледі.

Іс-шара барысында аудандық кітапхана қорынан жасақталған кітап көрме таныстырылды. Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері шырқаған әуезді әндер де жиналғандарды бейжай қалдырған жоқ. Мәселен, жас өнерпаз Мейірбек Жанболатұлының «Ауғанстанда қалған күн» авторлық туындысы арқылы көпшілік сол бір сұрапыл жылдардың суық ызғарын сезінгендей болды.

Динара Насырова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале