3.11.2023, 14:30
Оқылды: 33

Ермек Маржықпаев каратэден тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбайды қабылдады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Мажарстан астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында еліміздің Көк Туын биікте желбіретіп, Қазақстанға тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдап, Президенттің арнайы алғыс хатын табыстады.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

4111ebef-e97b-4b98-ad88-4dc4acbf4993

Кездесу барысында министр спортшылардың әлем чемпионатындағы жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табысты өнер көрсетуіне тілекші екенін жеткізді.

«Кейінгі жылдары елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келе жатыр. Бұған сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз орасан зор. Жуықта Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған Жазғы Азия ойындарында екеуіңіз де жүлдегерлер қатарынан көрініп, жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледіңіздер. Енді міне, арада көп уақыт өтпей әлем біріншілігінде де тұғырдың ең биік сатысынан көріндіңіздер. Сіздерге алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды турнирлерде табыс тілеймін», - деді Ермек Маржықпаев.

a36bf89f-3a1d-46c3-8c7b-c917bb4b936a

Айта кетейік, Мажарстандағы әлем чемпионатының финалында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) италиялық Эрминия Перфеттоға еш мүмкіндік бермей, алтын тұғырға көтерілсе, 67 кг-ға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі үшінші орын үшін өткен бәсекеде Иордания спортшысы Афиф Гаитті жеңіп, қолаға қол жеткізген-ді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале