1.02.2024, 12:00
Оқылды: 82

Ернұр Өтегенов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Сапарұлы Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0416

Полковник Ернұр Сапарұлы 1978 жылғы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылында туған.

1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі және 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Казталов ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторы лауазымынан бастаған.

2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған.

2011-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале