16 тамыз күні Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылында «Бабадан қалған бар байлық» ашық аспан астындағы жайлау фестивалі ұйымдастырылады.
Дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттауды көздеген шараға әр ауданның мәдениет қызметкерлерінен құралған команда қатысады.
Шараның І кезеңінде жігіттер ат ерттеу мен жегуден, серке көтеруден, қыз-келіншектер бие, сиыр сауудан, құрт жасаудан, топ арасында асық атудан жарысып, арқан тартысады. ІІ кезеңде әр команда бәйгеге ат қосып, тазы жарыстырады. Фестиваль таңғы сағат 9-да басталады.
Нұрлыбек Нұрланұлы,
zhaikpress.kz
*сурет ғаламтордан