15 тамызда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралмақ.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.