Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібінде:
- 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.