Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралады.
Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Гүлнар Омарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.