Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сурет: министрліктен
Ержан Нұрлыбаев 1975 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды №1 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған.
2004-2006 жылдары аталған медициналық мекеме директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары Қарағанды облысының бас хирургі болып қызмет істеді, Х.Ж.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығын басқарды.
2014-2021 жылдары – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2021 жылдан бастап «ҚМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Қазіргі уақытқа дейін Облыстық клиникалық аурухананың (Қарағанды қ.) директоры болып жұмыс істеді.