Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті.
Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі.
Бұл Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі.
Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.
Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея, Сауд Арабия және Солтүстік Корея балуандарын жеңді.