24.04.2023, 14:45
Оқылды: 9

Есікті ашпай қойған: әйел мен 5 баласы белгісіз заттан уланған

23 сәуірде Шымкенттегі пәтерден әйел мен бес бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

B535005B-4982-4384-B3BD-2C1F8F5331BA

Фото: massaget.kz

Әйелдің туыстары құтқарушыларға оның пәтердің есігін ашпағанын хабарлаған. Оқиға орнына құтқару бөлімшесі барып, арнайы құралдар көмегімен есікті ашқан.

Пәтерден қауіпсіз жерге 6 адам шығарылған: 1987 жылы туған әйел, 2005 және 2003 жылы туған қыздар, 2011, 2013, 2015 жылы туған ер балалар.

Құтқарылғандар таза ауаға шығарылып, алғашқы көмек көрсетілген. Бірақ олар неден уланғаны әлі белгісіз. Сараптама жүргізіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале