31 мамыр күні есірткі сатқан 1987 жылғы Ақсай қаласының тұрғыны ұсталды.
Оқиға Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шара кезінде тіркелген.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес 1,3 мл. сұйықтықтың және салмағы 0,02314гр. құрғақ есірткі затының «экстракционды опия» екені белгілі болды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
БҚО ІІД баспасөз қызметі