5.02.2024, 10:15
Оқылды: 54

Есірткі зертханасы жойылды

"Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

bee7dae7e127284471d18df12c33ebf7_1280x720

Фото: www.gov.kz

Осылайша, биыл 24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады.

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 келіден астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісіне және сатуға мүмкіндік бермеді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале