21.11.2018, 15:47
Оқылды: 69

Есқайрат ХАЙДАРОВ: «Тарих түгенделе түспек»

– Қазақ елінің ұлттық тарихын ұлықтауға арналған Елбасының бүгінгі мақаласымен тарихшылар қауымы таныс болып, ондағы айшықты ойлары мен бастамаларына қолдау білдіріп отыр.

20131130113404Бүгінгі күнге дейін біз тарихымызды жинақтап, толықтырып, бары мен жоғын анықтаумен келдік. Осыған дейін Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық тарихымыздағы жоғымызды түгендеп, жинақтауға мүмкіндік туғызды. Президенттің өткен жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осы мәселелерге тағы бір қозғау салған еді.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы келелі ойлар Елбасы идеяларының заңды жалғасы деп есептейміз. Қоғамда мемлекетшілдік сананы орнықтыру үшін тарихи сананы дамыту қажет. Бұл мақалада тарихи сананы жаңғырту басты мақсат ретінде қойылып отыр. «Архив – 2025»  жетіжылдық бағдарламасын жасау да болашақта тарихи тың деректерді жинастыруға үлкен көмек болатынына сенімдімін. Тарих түгенделе түспек.

Есқайрат  ХАЙДАРОВ,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале