Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, даңқты жерлесіміз, композитор Ескендір Хасанғалиев 81 жастан асып дүние салды.
Туған халқын «Айналайын», «Әдемі-ау», «Асыл арман», «Елігім еркем», «Есіңе ал», «Гүлсезім», «Студенттердің қоштасу әні», «Атамекен» сынды әсерлі де әуезді жүздеген әнімен тербеген сазгерді бүкіл қазақ халқы аза тұтып жоқтады. Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған жерлесіміздің асыл жүзін Кеңсай топырағы жасырғанымен, композитордың мәңгі миссиясы, өлмейтін өмірі әлдеқашан-ақ басталып кеткен болатын...
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы мамырдағы № санындағы белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының «Ескендірдің атамекені» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress