7.09.2022, 16:30
Оқылды: 24

Ескі тоңазытқыш ішінен баланың денесі табылды

Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлады. Оқиға 8 тамыз сағат 22:00 шамасында Бәйтерек ауданында болған. Баланың денесін анасы тапқан.

1

Фото дереккөзі: matritca.kz

Полиция баланың денесінде зорлық белгілері жоқ, жасы 5-те дейді.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек әйелдің үш баласы бар, үшеуі көшеде ойнап жүрген, кешкісін үйге екеуі оралған. Одан кейін әйел үшінші баласын іздеген. Кейін үйдегі ескі тоңазытқыштан баланың денесін табады, дереу дәрігер шақырғанымен дәрігерлер баланың өлімін тіркейді.

Полиция баланың денесіне сараптама тағайындалғанын, оқиғаны жазатайым жағдай есебінде тіркелгенін мәлімдеп отыр.

Кеңестік тоңазытқыштың есігінде құлыптау жүйесі орналасқан. Оны қатты итерсеңіз құлыпталып қалады. Оны сыртынан ашпаса, басқалай ашу мүмкін емес,- дейді полиция өкілдері.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале