Агенттік хабарына қарағанда, коронавирусқа қарсы Nuvaxovid деп аталатын вакцина 18 жастан асқан ересектерге ұсынылады. Осы вакцинаны сынау деректерін мұқият бағалаудан кейін сарапшылар препарат сенімді және тиімді, қауіпсіз және сапа бойынша қажет талаптарға сай келеді деген қорытындыға келіпті.
Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Novavax америкалық фармацевтикалық концерні шығарған вакцинаны ЕО-да қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EMA сайтына сілтеме жасап.
Агенттік хабарына қарағанда, коронавирусқа қарсы Nuvaxovid деп аталатын вакцина 18 жастан асқан ересектерге ұсынылады. Осы вакцинаны сынау деректерін мұқият бағалаудан кейін сарапшылар препарат сенімді және тиімді, қауіпсіз және сапа бойынша қажет талаптарға сай келеді деген қорытындыға келіпті.
Еурокомиссия пайдалануға жібергеннен кейін препарат ЕО-да коронавирусқа қарсы қолданылатын бесінші вакцина және ақуыз негізіндегі бірінші вакцина болады.
30 мыңға жуық науқас қатысқан зерттеудің үшінші кезеңінде ол бастапқы SARS-CoV-2 вирусына қатысты 90 пайыз жалпы тиімділікті көрсетті, алайда оның мутацияларға қарсы тиімділігі туралы айтылмайды. Бұл вакцинаның жаңа "омикрон" штамына қарсы тиімділігі туралы мәліметтер әлі де аз.
ЕО Nuvaxovid екпесінің 200 миллион дозасын сатып алуға ниетті. Жеткізу 2022 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін ресейлік "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасы биыл Еуропа одағында мақұлданбауы мүмкін екені хабарланған болатын.