Өткен сәрсенбіде Лондондағы қор биржасында көгілдір отынның 1 мың текше метрі 1200 доллардан асқан еді. Осы ретте Польшадағы ірі бірлестік өкілдері кәрі құрлықта газ тапшылығынан қыс ауыр тиюі мүмкін деп ескерткен.
Себебі газға сұраныс жоғары. Ал қоймалар әлі толмаған. Газдың бағасы да өте құбылмалы болып тұр. Көгілдір отын бағасы әсіресе қазан айында қатты шарықтап, Еуропада энергетикалық дағдарыс туғызған еді.
BAQ.KZ