21.02.2022, 11:29
Оқылды: 7

Еуропада «Юнис» дауылы салдарынан 16 адам қаза тапты

Осы аптада «Юнис» дауылы Еуропаның түрлі елдерінде 16 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220221080137461e

Нидерланды елінде төрт адам, Польшада - төрт адам, Ұлыбританияда - үш адам, Германия мен Бельгияда екі адамнан, Ирландияда бір адам қаза тапты.

Еуропалық БАҚ атап өтуінше, жазатайым оқиғалардың көбіне ағаштардың құлауы немесе құрылыс конструкцияларының жұлынуы себеп болды.

«Юнис» дауылы Еуропада 18 ақпанда басталған. Синоптиктердің мәліметінше, дауыл кезіндегі жел екпіні секундына 55 метрге жеткен. Дауыл Ирландиядан Ұлыбританияға қозғалып, Франция солтүстігімен және Бенилюк елдері арқылы Дания мен Германияға өткен. Екпінді желден үйлердің шатырлары жұлынып, ағаштар сынды, электр желілері бүлінген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале