3.11.2022, 10:30
Оқылды: 61

«Еуропадағы энергия тапшылығы бізге де келеді...»

Алатаудың баурайындағы ару Алматыда ғылым жолында жүрген жаннаң бірі – Мерлан Досболаев. Қаратөбе ауданының тумасы Мерлан Қылышұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет етеді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.  Әдетте ғалым мен ғылым жөнінде көп айтыла да, жазыла да бермейді. Сондықтан осы салада тер төгіп жүрген маманмен аз-кем сұхбат құруды жөн көрдік. 

WhatsApp Image 2022-11-03 at 10.07.13

Мерлан Қылышұлы, алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Туған жеріңіз, білім алған мектеп, оқу орныңыз туралы айтсаңыз.

– Мен – ата-әжем, әке-шешем туған ауылда ержеткен қарапайым қазақ баласымын. Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданының Саралжын ауылында (қазір Мұхит ауылы) 1982 жылдың 1 қаңтарында өмір есігін ашыппын. 22 жылдан бері Алматы қаласында тұрамын. Отбасылымын, жұбайым, бір қыз, екі ұлым бар. Үлкендері бастауыш сыныптарда оқиды, кіші ұлым тәй-тәй басып жүр.

Туған ауылымдағы Бақытжан Қаратаев атындағы орта мектепті 1999 жылы тәмамдадым. 2000-2005 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетін-
де оқыдым. Мамандығым –  радиофизика және электроника саласы бойынша инженер-физик. 2009 жылы университетте еңбек етіп жүргенімде физика-математика ғылымдарының кандидаты
дәрежесін алдым. Қазіргі кезде өзімнің білікті маман ретінде өсіп-өркендеуіме себепші болған ҚҰУ-да доцентпін.

Сұқбаттың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің 8 қарашадағы №130 (21159) санынан оқи аласыздар.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале