Австрия мен Швейцарияда барлық коронавирус шектеуі алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Австрияда барлық шектеу шараларын 5 наурыздан бастап алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, түнде кафелер мен мейрамханалардың жұмысына тыйым салынбайды, қоғамдық орындарда тамақ іше беруге болады. Коменданттық сағат та алып тасталады.