Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жетінші сынып оқушылары арасында отбасылық «Эврика» ғылыми-зерттеу жобалары байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шығармашылық сайыс зерттеу дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалды-шығармашылық әлеуетті дамыту және зияткерлердің ең жас тобында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Эвриканың түрлі секциялары оқушыларға өздерінің қызығушылықтарына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік берді: киберқауіпсіздік, қаржылық сауаттылық, отбасылық құндылық, цифрландыру, буллингтің алдын алу, қалдықтарды өңдеу, жаһандық жылынудың салдары, елдегі су тапшылығы, ағылшын тілін үйренудің үздік әдістері – жетінші сынып оқушылары мен олардың отбасылары зерттеген тақырыптар тізімінің бір бөлігі.
– NIS Programme негізінде зерттеу дағдыларын дамыту жатыр, осыған байланысты оқушылардың сұрақтар мен гипотезаларды тұжырымдау, дәлелді деректер жинау және нәтижелерді түсіндіру қабілетін алғашқы оқу жылынан қалыптастыру маңызды. Болашақта бұл біздің түлектерге жоғары санатты маман болу, жаңалық ашу және мамандық бойынша жетістікке жетуге көмектеседі. Оқушыларымыздың ата-аналары бұл үшін мектепті қолдауға дайын екеніне және осы процеске белсенді қатысқанына қуаныштымыз, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.
Бекарыс Махсот («Құс саңғырығынан тыңайтқыштар алу»), Аслан Нұржан («Кіші жастағы аутизм»), Мәнсия Мұхамбет («Қазақстандағы гендерлік саясат мәселесі») отбасылық командалары байқау жеңімпаздары деп танылды. Сондай-ақ тәжірибелі мұғалімдерден құралған әділқазылар алқасы лайықты жобаларға екінші және үшінші орындарды табыс етті.
Жобаның алғашқы қатысушыларының бірі, 8-сынып оқушысы Адия Агеділованың пікірінше, «Эврика» – бұл ғылыми жоба жазудың алғашқы және құнды тәжірибесі, зерттеудің алғашқы қадамдары. Адия қазір халықаралық байқауларда өз идеяларын сәтті таныстырып жүр. Өткен жылы ол жылқы көңінен қағаз жасауды зерттеу бойынша жобасымен «INSPO» байқауында 3-орынды жеңіп алды.
Байқау ғылыми құндылықтан басқа отбасылық құндылықтардың дамуына үлес қосты. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқушылардың ата-аналары ғана емес, сонымен қатар басқа туыстары, соның ішінде аға буын өкілдері қатысты:
– Мен үшін жобаның бір бөлігі болу, қызыммен қабылдаудың және ойлаудың екі әдісін – мидың сол және оң жарты шарларын зерттеу өте қызықты болды. Бірге әдебиеттерді оқыдық, әдебиеттерді бірге оқыдық, дереккөздерді талдап, ой бөлістік, – дейді 7-сынып оқушысы Айжан Есенғалиеваның әкесі Нұрлан Есенғалиев.
Айта кету керек, мектепте бірқатар отбасылық жоба сәтті жүзеге асырылуда, оның ішінде «Ата-ана университеті», «Берік отбасы», «Тәрбие әлемі» және тағы да басқалар бар.
Айдана Хамидуллина,
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы