Facebook әлеуметтік желісі алғаш рет Холокост оқиғаларын теріске шығаратын немесе бұрмалайтын мазмұндағы мәтіндерді жариялауға тыйым салатын жаңа ережелер енгізді.
Жаңа ережелерге сәйкес, Холокост оқиғаларын жоққа шығаратын немесе бұрмалайтын кез келген мәтінді Facebook әлеуметтік желісінде жариялауға тыйым салынады. Егер мұндай мазмұн жарияланса, олар автоматты түрде жойылып отырады. Facebook-тің негізін қалаушы, еврей ұлтының өкілі Марк Цукерберг Холокостты жоққа шығаратын адамдардың бар екендігі көңілге қаяу түсіретінін айтқан Recode-ге берген сұхбатында. Осы кезге дейін мұндай мәндегі мәтіндер әлеуметтік желіде еркін жарияланып келген. Сөйтіп бұл пайдаланушылардың арасында жағымсыз әсер тудырған. Холокост оқиғаларын жоққа шығаратын немесе бұрмалайтын мәтіндерге тыйым салу туралы жаңалыққа Дүниежүзілік Еврей Конгресі де жауап қатты. Конгресс компанияның бұл шешімін құптады.
zhaikpress.kz