4.08.2025, 16:30
Оқылды: 111

Фейк ақпарат таратқандар қанша жылға дейін бас бостандығынан айырылады?

ІІМ кейінгі кезде әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн платформаларда әдейі жалған ақпарат тарату жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 11.07.19

Сурет: massaget.kz

Ведомство мәліметінше, фейк тарату - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. Жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тек жарты жылдың ішінде жалған ақпарат жариялау бойынша 47 қылмыстық іс тіркелген.

- Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және ақпарат таратуда мұқият болуға шақырамыз. Әрбір хабарлама шынайы болуы, араздыққа шақырмауы және қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет", – деді ведомство өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале