«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ-на тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша астық жеткізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 287 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жалпы көлемі 3,8 млрд теңгеге 57,3 мың тоннаны құрады. Бұл туралы АШМ жазды.
Сурет: freepik.com
Ең үлкен белсенділік астық егетін өңірлердің фермерлері арасында байқалады:
Солтүстік Қазақстан облысы - 121 өтінім,
Қостанай облысы - 99 өтінім,
Ақмола облысы - 60 өтінім,
Павлодар облысы-7 өтінім.
Астықты сатуға 226 ауыл шаруашылығы кәсіпорны өтінім беріп үлгерді. Негізінен фермерлер астық операторына 3-сыныпты бидай жеткізуге дайын. 4-ші, 5-ші дәрежелі бидай мен арпаның көлемі едәуір аз.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 қарашада Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан астықты тікелей сатып алу жөніндегі бағдарламаның басталғанын хабарлады. Қолдаудың басым шараларышағын және орта фермерлерге өнімнің кепілдендірілген сатылымын қамтамасызетуге арналған.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламасы шеңберінде глютенніңқұрамына байланысты 3-сыныпты бидайдыңсатып алу құны 75 мыңнан 90 мың теңгегедейін құрайды. Астық операторы 4 – сыныпты бидайды фермерлерден 55-тен 65 мың теңгеге дейінгі бағамен, арпанытоннасына 50 мың теңгеден сатып алады.
Тікелей сатып алу кезең-кезеңіменжүргізіледі. Бірінші кезеңде арпасы 500 гектардан аспайтын бидай егу алаңы бар фермерлік шаруашылықтардан өтінімдерқабылданады. Екінші кезеңде оларға бидай, арпа егу алаңы 1000 га немесе одан да көпагроөнеркәсіп қосылады.
Бұл ретте бір ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан сатып алынатын астықтыңжиынтық көлемі 300-ден 700 тоннаға дейінқұрайды. Мұндай шектеу мүмкіндігінше көпфермерлік шаруашылықтардың мемлекеттікқолдау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшіненгізіледі.
Астықты тікелей сатып алуға бастапқыда 10 млрд теңге бағыттау жоспарланған болатын. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағдарламаны қаржыландыруды өз резервінен 3 млрд теңгеге ұлғайтты. Нәтижесінде бағдарламаның жалпы бюджеті13 млрд теңгені құрайды, бұл ауылшаруашылығы өндірушілерінен 200 мыңтоннадан астам астық сатып алуға мүмкіндікбереді.
Анықтама үшін байланыс телефондары:
Астана қ., Московская к-сі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі. 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі. 2375), 59-12-61 (ішкі. 2261), 55-11-60 (ішкі. 2476);
Ақмола облысы: Көкшетау қаласы,Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскеменқаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавлқ., Партизан көшесі, 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.