30.03.2022, 18:00
Оқылды: 44

Филиал ашу жоспары талқыланды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті басшылығы онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.

DSC09485

Кездесуге БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және проректорлар, институттар мен басқармалар басшылары,«Халықаралық  қатынас бөлімі» өкілдері қатысты. Іскерлік кездесу барысында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар Орал қаласында ресейлік ЖОО-ның филиалын ашу туралы ұсыныстар талқыланды.

Жәңгір хан университетінің басшысы Асқар Мырзахметұлы екі білім ордасы арасында берік байланыс орнатылғанын атап өтті.

– Пандемия кезінде де бірлескен білім бағдарламалары аясындағы жұмысымызды сан алуан бағытта дамыттық. Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын дамыту мақсатында өзара әріптестігімізді одан әрі кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді басқарма төрағасы-ректор.

DSC09504

Бұдан әрі қос оқу орнының басшылығы мұнай-газ ісі бойынша қос диплом беру бағдарламасын іске асыру және Жәңгір хан университеті базасында Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарларын талқылады.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Үкіметке елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, соның ішінде екі техникалық бағдарланған филиалды батыс өңірлерде орналастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы ретте өндіріске қажетті мамандар даярлайтын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың мүмкіндігі мол екенін атап өткен жөн.

БҚАТУ медиа орталығы  

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале