Ресейде полиция Forex нарығында инвесторлардан 1 млрд рубль ұрланғаны туралы істің фигурантын ұстады. Нарықта лицензиясыз жұмыс жасаған және жүргізілген операциялардан үстеме пайдаға уәде бере отырып адамдардан ақша тартқан «Forex-дилер» туралы жаңалықты көптеген Ресей БАҚ жақында ғана жариялады. «Forex-дилердің» іс-әрекеттерінен 50-ден астам инвестор зардап шеккен…
Қазақстанда Forex нарығында алаяқтардың әрекеттеріне шағымдар түсуде. Инвесторларды қайтымсыз қаржылық жоғалтуларға әкелуі мүмкін қателіктерді қалай жасамауды Fingramota.kz еске салады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында интернет-кеңістікте алданып қалу тәуекелі едәуір ұлғаяды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жеке тұлғалардан кіріс алуға кепілдік бере отырып, оның ішінде Forex нарығына сауда есебінен халықтан жаппай ақша тарту белгілеріне ие ұйымдардың қызметіне шағымдар мен өтініштер үнемі түсуде. Өтініштердің мәні, әдетте, «Forex-дилерлер» және басқа да лицензияланбаған делдалдар клиенттерден инвестициялық мақсаттар үшін ақша тартады. Әрбір өтініш жеке тәртіпте қаралады. Өтініштерге мониторинг пен талдауды негізге ала отырып, қаскөйлер қолданатын психологиялық қысым көрсетудің белгілі бір тетіктерін бөліп атап көрсетуге болады.
Алаяқтар қандай схемаларды ойлап табады?
Forex нарығына қатысты алаяқтық схемалар онлайн режимінде жүзеге асырылады. Алаяқтар брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруды желеу ете отырып, валюта нарығында операциялар жүзеге асырылатын сайтты пайдаланушы азаматтардан ақша бопсалайды. Алаяқтар сайттың пайдаланушысымен жалған қалалық нөмірлер, электрондық пошта арқылы өзара іс-қимыл жасай отырып, барынша сенімді болу үшін халықаралық банк брендтерінің атынан хаттар жібере отырып, табысты және перспективалы компанияның бейнесін жасайды. Кейбір жағдайларда, назарын әлсірету және өз қызметін растау үшін алаяқтар жалған бизнес-жоспарларды ақша салу туралы ұсыныстармен жібереді. Пайдаланушы белгілі бір соманы өз еркімен жібергеннен кейін, жалған брокерлер оларға ақшаның әртүрлі себептермен «банкте қалып қойғанын» және оны алу үшін белгілі бір пайызды төлеу керектігін айтады. Психологиялық әсердің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, алаяқтар сайт пайдаланушысынан қосымша қаражат алады. Бұл тетік пайдаланушы компанияның заңды қызметіне күмән келтіріп, олардың заңдылығын тексере бастағанға дейін жұмыс істейді. Бірақ бұл жағдайда да алаяқтар әр түрлі қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері болып көрініп, қолданушыға психологиялық қысымды күшейтіп, қосымша жарналарды төлеуді сұрайды. Пайдаланушының өз салымын қайтаруға деген ұмтылысын ескере отырып, бұл схеманы бірнеше рет жүзеге асыруға болады. Бұл схеманың тетігі мен әзірленуі инвесторлардың сеніміне және оларға күшті психологиялық қысым көрсетуге негізделген: үнемі тіркелмеген нөмірлерден қоңыраулар түседі, электрондық хаттар және инвестициялау бойынша жалған бизнес-жоспарлар жіберіледі.
Алаяқтар көбінесе клиентке Forex валюта нарығында шетел валютасымен сауда жасау «құқығын» береді, бұл кредиттік сүйеу арқылы, яғни борышқа дегенді білдіреді. Мұндай операциялар валюта жұбының жоғары құбылмалылығымен инвестициялық шығындардың елеулі тәуекелдерін өзіне алады. Бұл ретте клиентке шетелдік заңнамаға сәйкес жасалған шарт ұсынылады, бұл кейіннен даулар мен жанжалдарды шешуді, сондай-ақ бұзылған инвесторлардың құқықтарын қалпына келтіруді қиындатады.
Назар аударыңыз! Көрсетілген субъектілердің қызметі ҚР Агенттігінің қадағалау периметрі шеңберінен шығып отыр. Бұдан басқа, әр түрлі қаржы құралдарын және басқа да мүліктік объектілерді инвестициялау есебінен жоғары табыс алуға кепілдік бере отырып азаматтардан ақша тартатын компанияларда қаржылық (инвестициялық) пирамида белгілері бар. Мұндай әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей тыйым салынған және Қылмыстық кодекске сәйкес жауапқа тартылады.
Алаяқтар қалай жұмыс істейді?
Жалған брокерлер, әрине, клиентке Forex биржадан тыс нарығында шетел валютасымен нақты сауда-саттыққа қол жеткізуді қамтамасыз етпейді. Алаяқтар клиентке әр түрлі интернет қызметтері мен сауда алаңдары арқылы шетел валютасымен және басқа қаржы құралдарымен операциялар жасауға қашықтан «қол жеткізу» секілді ұсынады. Көбіне мұндай ұйымдар оффшорлық аймақтарда тіркеледі және Қазақстан аумағында қашықтан жұмыс істейді не клиенттерге кеңес беретін және өз қызметтері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқулар өткізетін өкілдіктер, филиалдар арқылы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстан нарығында жұмыс істейтін жеке компаниялар бар, олар сенімгерлік басқару қызметін ұсыну арқылы үшінші тұлғалардан ақша қаражатын тартады. Бұл компаниялар кейіннен қаржы құралдарына және басқа мүлік объектілеріне инвестиция салады. Бұл ретте олардың тиісті лицензиясы болмауы мүмкін. Бұл ұйымдар агрессивті жарнама науқанын жүргізеді, азаматтардың сенімділігі мен олардың кіріс алуға деген ұмтылысына қарай «ойнайды», үнемі жоғары кірістілік алуға уәде беріп, оларды адастырады, бұл банктік салымдар бойынша қазіргі сыйақы мөлшерлемелерінен бірнеше есе жоғары. Сонымен бірге олар ықтимал тәуекелдер туралы ақпаратты ашпайды. Клиент «тапқан» кірісін алуға тырысқанда, бұл компаниялар клиенттің ақшасын қайтарудан жалтарады не қандай да бір себептермен клиенттің шоттарын негізсіз «нөлге» түсіреді, бұл да осындай компаниялар тарапынан алаяқтық әрекеттердің белгілерін тудырады.
Нағыз делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады?
Брокердің алаяқ емес, нағыз брокер екендігіне көз жеткізу оңай: ол үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында оның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының бар-жоғын тексеру қажет. Қаржы реттеушінің Интернет-ресурсында көрсетілген брокердің барлық деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.
Инвестор қандай ережелерді басшылыққа алуы қажет?
Бұл ретте, инвестор өз қаражатын қор нарығына немесе Forex нарығына инвестициялай отырып, нарықтық тәуекелдерден сақтану мүмкін емес екенін және инвестициялар нәтижесінде кіріс те алуға, сондай-ақ шығынға батуын да түсінуі қажет.
Инвестор үшін шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттық әртүрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен және т. б. тәуекелдермен байланысты екенін есте сақтау маңызды, сондықтан кез келген инвестиция нарықты, эмитенттердің қаржылық жағдайын, бағалы қағаздың өлшемдерін мұқият талдап, ой елегінен өткізіп, содан барып шешім қабылдауды талап етеді.
Осыған байланысты, жаңадан бастаған инвесторға қарыз қаражатына, сондай-ақ қысқа мерзімді перспективада талап етілуі мүмкін қаражатқа инвестициялар жасауына болмайды.
Қазіргі уақытта ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қолданыстағы заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізу жөнінде бастама жасады. Олар Қазақстан аумағында ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) шетелдік валюта және қор нарықтарында мәмілелер жасасу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осындай мәмілелерді жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қызметтерді тек Агенттіктің лицензиясы бар брокерлер және (немесе) дилерлер ғана көрсете алатынын көздейді. Бұл заң жобасы әртүрлі деңгейлерде тиісті келісулерден өтеді. Fingramota.kz-тегі жаңалықтармен танысып отырыңыз!