12.12.2017, 17:26
Оқылды: 59

Франция елшісі зияткерлік мектепте

IMG_4537Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне Франция мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ келді деп хабарлайды аталған мектептің баспасөз қызметі. 

Еліміздегі заманауи білім беру ошағы ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметіне қызығушылық танытқан елші алдымен мектепті аралап, оқушылардың білім алуына жасалған жағдаймен танысты. Кейін мектеп мұғалімдері мен оқушылары физика, химия және биология пәндері бойынша түрлі эксперименттер мен ғылыми жобаларын көрсетті.

«Бір ай - бір ел» жобасы негізінде оқушылардың Француз мемлекеті бойынша дайындаған жұмыстарын көрді. Одан әрі Филипп Мартинэ француз тілі сабағына қатысып, оқушылардың қосымша тілді меңгеру деңгейіне қанықты. Сабақ соңында оқушылармен пікір алмасып, Францияның білім жүйесі туралы айтты. Атап кететін жайт, зияткерлік мектеп оқушылары бұған дейін елшіліктің ұйымдастыруымен өткен, балалар құқығына арналған «Бала бақыты – бұл...» деп аталатын бейнероликтер конкурсына қатысқан еді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден аса қатысушылар жұмыстарын ұсынған бұл байқауда мектеп оқушылары екінші орын алған. Өз кезегінде Филипп Мартине жеңімпаз оқушыларды марапаттап, елшілік атынан француз тілін оқыту мен Францияда оқуға ниетті жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Бұдан былай Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Францияның білім беру ошақтары арасында серіктестік жолға қойылатынын жеткізді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале