Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр "Роснефть" басшысы Игорь Сечинге тиесілі яхта тәркіленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ресейлік олигархқа тиесілі яхта тәркіленді. Еуроодақтың Ресей билігіне жақын тұлғаларға қатысты санкцияларын сақтайтын француз кеденшілеріне рақмет", - деп жазды Брюно Ле Мэр Twitter-парақшасында.
Игорь Сечин 28 ақпанда Еуроодақ жариялаған санкциялар тізіміне енген.