1.02.2023, 9:30
Оқылды: 38

Франция тұрғындарының 76% зейнет реформасына қарсы

Франция көшелеріне жүз мыңдаған адам шықты: 31 қаңтар күні кәсіподақ пен солшыл саяси күштердің үндеуімен зейнет реформасына қарсы жалпыұлттық ереуіл өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

IMG-20230201-WA0003

Осы күндері парламенттік арнайы комиссия зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін үкімет ұсынған құжатты шиеленіскен жағдайда қарап жатыр.

Ереуілге транспорт, энергосектор мекемелері, пошташылар, мұғалімдер, коммуналдық қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Қарсылық шараларын қолдау артып жатыр: әлеуметтік сауалнама дерегі бойынша, Франция тұрғындарының 76 % реформаға қарсы.

Қарсылық шарасына лицей мен университет оқушылары да қосылды.

Франция үкіметі реформа өткізу қажеттігін алға тартады. Премьер-министр Элизабет Борнның сөзінше, зейнет жасын көтеру – соңғы шешім және «келіссөз жүргізу құралы бола алмайды».

Фото: Thibault Camus/AP

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале