29.11.2024, 9:45
Оқылды: 172

Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша «CMA Trophee Mondial» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_3493

Сурет: министрліктен

Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.

Байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек –республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты.

Жас талантты лайықты жеңісімен құттықтай отырып, мәдениет пен шығармашылық саласында жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале