Бүгін облыс әкімдігінде фронт кеңсе ашылды. Кеңседе тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық, білім беру, спорт салалары бойынша кеңестер ала алады.
- Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қараудың жаңа нысанына көшу аясында облыс әкімі аппаратында фронт кеңсе ашылып отыр.
Бұл кеңсе – өңір тұрғындарының өтінішіне «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел жауаптар алуға мүмкіндік туғызбақ.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындар үшін мемлекеттік құрылымдардың қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру. Облыстағы барлық салаларда лауазымды қызмет атқаратын тұлғалардың тұрғындарды қабылдау кестесі бекітілді, - деді облыс әкімі апаратының Өтініштер бөлімінің басшысы Ақжеміс Сағаденова.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz