20.11.2022, 22:51
Оқылды: 55

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы голы соғылды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы гол соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221120223352154e

Сурет: AFP

Әлем чемпионатының алғашқы голы 16-минутында ашылды. Оны эквадорлық Энвер Валенсия пеналтиден өзінің еншісіне жазды. Аталған футболшының 3-минутында соғылған голы ойын тәртібінің бұзылуына байланысты саналған жоқ.

Кездесу барысында итальяндық Даниэле Орсато бас төреші қызметін атқаруда. Бұл міндет 46 жастағы арбитрге әлем чемпионатында бас төреші ретінде тұңғыш мәрте жүктеліп отыр. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатында VAR бойынша төрешінің көмекшісі болды.

Алаң иелері - Қатар құрамасы аталған турнирдің финалдық сатысына тұңғыш мәрте қатысып отыр.

Эквадор құрамасы әлем чемпионаты финалдық сатысына үшінші мәрте қатысып отыр. 2002, 2014 жылдарда топтық кезеңнен аса алған жоқ. Ал 2006 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. 1996 жылы алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелсе, тағы бір кездесу эквадорлықтар басымдығымен 2:1 есебімен аяқталды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале