Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы екі жолдаманы Англияның «Челси» және Испанияның «Вильярреал» командалары жеңіп алды.
16 наурызда Италияның «Ювентусі» өз алаңында Испанияның «Вильярреалына» 0:3 есебімен жол берді. Бірінші ойында италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Ал франциялық «Лилль» өз алаңында Англияның «Челси» клубынан 1:2 есебімен жеңілді. Алғашқы кездесуде ағылшындар 2:0 есебімен басым түскен болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын қос ойынның нәтижесімен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алған болатын.
Ширек финалдық жеребе тарту рәсімі 18 наурызда өткізіледі.
Финал 28 мамырда Францияның «Стад де Франс» стадионында болады.