Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлауы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылып отыр.
"Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.
Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін", - делінген ресми сайттағы жазбада.
Елде эпидемиологиялық жағдай ушықса, үзіліс созылмақ.
zhaikpress.kz