Футболдан 2022 жылғы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын 2:0 есебімен басым түсті.
Ал Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Шығыс Қазақстан облысының «Алтайын» 4:0 есебімен сүріндірді.
Алғашқы кезеңдегі өзге ойын нәтижелері төмендегідей:
«Қыран» (Шымкент) - «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) 0:3
«SD Family» (Нұр-Сұлтан) - «Жас Қыран» (Алматы) 1:1 (5:6, пенальтиден)
«Aqtobe City» - «Арыс» (Түркістан облысы) 2:1
«Игілік» (Тараз) - «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) 1:2
«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Жас Сұңқар» (Нұр-Сұлтан) 1:4
«Яссы» (Түркістан) - «Хан-Тенгри» (Алматы) 0:0 (2:1, пенальтиден)
Енді екінші кезеңде «Aqtobe City» мен «Жетісу», «Қайсар» мен «Жас Сұңқар», «Оңтүстік академиясы» мен «Жеңіс», «Яссы» мен «Жас Қыран» кездеседі.