Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты. Нәтижесінде топта 6 ойынннан кейін 12 ұпай жинап, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Бұған дейін қазақстандық футболшылар әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде 12 ұпай жинап көрмеген. Алғаш рет қомақты ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетуде. Алдағы ойындарда жеңіске жетер болса, Магомед Адиев шәкірттерінің Еуропа чемпионатына шығуына мүмкіндік бар.
ӘЧ-2006 – 1 ұпай
Еуро-2008 – 10 ұпай
ӘЧ-2010 – 6 ұпай
Еуро-2012 – 4 ұпай
ӘЧ-2014 – 5 ұпай
Еуро-2016 – 5 ұпай
ӘЧ-2018 – 3 ұпай
Еуро-2020 – 10 ұпай
Ұлттар лигасы-2020 – 7 ұпай
ӘЧ-2022 – 3 ұпай
Еуро-2024 — әзірге 12 ұпай
Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны екі ойында да 1:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ Дания құрамасынан 3:2 есебімен басым болып, сенсация жасады. Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал Словения мен Финляндияға қарсы ойында ұпай еншілей алмады.
«Н» тобында 12 ұпаймен 4-орында келеді. Келесі ойынын 15 қазан күні Данияға, 17 қазанда Финляндияға қарсы өткізеді.