25.03.2022, 9:31
Оқылды: 49

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Молдованы жеңді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы өтпелі сатысының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдованы жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210821132221078a3826697i

Қазақстан құрамасы сапында алғашқы минуттан Шацкий, Сүйімбаев, Әліп, Малый, Марочкин, Быстров, Нәрзілдаев, Тағыберген, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин шықты.

Бүгінгі кездесуді қос құрама белсенді бастады. Алғашқы минутта-ақ қазақстандықтар тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Уақыт өте келе молдовалық футболшылардың белсенділігі арта түсті. Нәтижесінде олардың қатарынан Ион Николаеску 45-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде екі құрама алға қарай ұмтылды. Қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге күш салса, молдовалықтар басымдықты арттыра түсуге назар аударды. Нәтижесінде қазақстандық Сергей Малый 63-минутта гол соқса, 79-минутта алаң иелері сапынан Вячеслав Посмак өзінің қақпасына гол соғып алды.

Екі құрама жарыстың аталған сатысында 29 наурызда тағы бір мәрте кездеседі. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале