3.09.2023, 17:49
Оқылды: 97

Футболшылар "Мектепке жол" акциясына атсалысты

Бекзат Иманғазеев, Төрехан Әйіп-Нұртас, Әділет Болатов, Бақдәулет Көңілімқос, Мұқағали Пангерей, Ислам Амангелдиев, Рысбек Қоңыров, Саламат Гайсиев, Темірлан Үмбетов және Самат Бердаулетов сияқты "Ақжайық" футбол клубының жас ойыншылары қаражат жинап, бірнеше отбасы балаларын мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. 

IMG-20230903-WA0024

Оқушыға қажеттінің барлығын жиған аяқдопшылардың сыйлығы күні-кеше "Шаңырақ" жасөспірімдер үйіне жеткізілді.

- Алғашында сыйлықты бір отбасының балаларына жасамақ болдық. Бірақ күнделікті жаттығу мен тығыз матчтар кестесі ойымыздағыны ертерек іске асыруға мүмкіндік бермеді. Десе де игіліктің ерте-кеші жоқ деп сауапты істі жүзеге асырдық,- дейді футболшылар.

Қысқамерзімді демалысын осындай тамаша жұмысқа жұмсаған спортшылардың сыйлықтары жасөспірімдер үйінің комменданты Бақытгүл Адаюшкинаға тапсырылды.

InShot_20230903_175317564

- "Шаңырақ" жасөспірімдер үйі "Ақжайық" футбол клубының қамқорлығын көріп келеді десем артық айтқаным емес. 2019 жылы азық-түлікпен қамтамасыз етті. Биыл "Мишкопад" акциясынан түскен ойыншықтардың біраз бөлігін бүлдіршіндерімізге сыйлады. Енді балаларымызды оқу құралымен қамтамасыз етіп жатыр. Алғысымыз шексіз,- дейді коммендант Бақытгүл Адаюшкина.

Футболшылар алып берген сыйлықтар аталмыш үйде тұратын көпбалалы отбасыларға берілді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале