"Ақжайық" футбол клубының ойыншылары қала мектептерінің оқушыларымен жүздесті. Футболға қызыққан ұл-қыздармен болған кездесуге Бауыржан Омаров, Руслан Хаиров, Мейрам Сапанов сынды тәжірибелі тарландар мен Роман Божко және Даниил Алмазұлы сынды жас ойыншылар қатысты.
Жиында футболшылар өрендерге өздерінің мансабы, ел чемпионаты жайында кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуден кейін оқушылар мен футболшылар доп теуіп, көңіл сергітті.
Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz