15.02.2023, 1:52
Оқылды: 48

Футболшылар жанкүйерге қолдау көрсетті

"Ақжайық" ФК-ның ойыншылары жол апатынан зардап шеккен команда жанкүйеріне қолдау көрсетті.

IMG-20230214-WA0229

Біраз жылдан бері оралдық клубқа жанкүйерлік етіп жүрген Мира есімді фанат ақпанның 7-сі жол апатына түскен. Салдарынан оның тоқпан жілігі зақымданған. Оған ақпанның 9-ы күні ота жасалды. Күні кеше Рысбек Қоңыров, Самат Бердәулетов, Руслан Хаиров, Бауыржан Омаров және Мейрам Сапанов сынды ойыншылар ауруханаға арнайы келіп, Мирамен кездесті.

IMG-20230214-WA0252

-Команда жанкүйерлері әрдайым өзара жағдай сұрасып тұрамыз. Ауруханада жатқанымда Нұралы есімді досым хабарласып, төменге түсуімді өтінді. Сәлем-сауқат қабылдау орнына барғанымда сүйікті командамның ойыншыларын көріп, қатты таң қалдым. Маусым барысында біз футболшыларды қолдасақ, осындай қиын жағдайға тап болғанда ойыншылар мені қолдай келді. Қуаныштымын, - дейді Мира Елекешева.

WhatsApp Image 2023-02-16 at 22.29.56 (1)

WhatsApp Image 2023-02-16 at 22.29.54

WhatsApp Image 2023-02-16 at 22.29.56

Ойыншылар жанкүйерге денсаулық тілеп, команда оны қолдауға әзір екенін айтты. Сондай-ақ Мейрам Сапанов ойын жейдесін сыйласа, Бауыржан Омаров жанкүйер шарфын тарту етті.
Мира көп жылдан бері "Ақжайық" командасына жанкүйерлік етеді. Жергілікті жас таланттардың команда сапында болғанын қалайды. Үйдегі матчты жібермейтін ол ойыншылармен суретке түсіп, желіде қолдап отырады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале