29.01.2022, 13:00
Оқылды: 37

Футзал: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионаты ширек финалдағы қарсыласы анықталды.

E9868C92-280B-4C5D-9A7F-D9F1FB8239E7

Айта кетсек, құрлықтық додада А және В тобында үшінші тур ойындары өткізілді. Нәтижесінде ширек финалға шыққан құрамалар анықталды.

Қазақстандық футзалшылар В тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды.

Топтық кезеңде қазақстандық футзалшылар Словениямен 4:4 есебімен тең түссе, одан кейін Словенияны 6:2, Италияны 4:1 есебімен есебімен тізе бүктірді.

Екінші орын 4 ұпай еншілеген Финляндияға бұйырды.

Ал А тобында бүгін Поргугалия Украинаны 1:0 есебімен жеңсе, Сербия Нидерландыдан 3:2 есебімен басым түсті. Ширек финалға Португалия мен Украина шықты.

Енді 31 қаңтарда ширек финалда Қазақстан мен Украина, Португалия мен Финляндия кездеседі.

Сондай-ақ, 29 қаңтарда С және D топтарында ойын өткізіледі.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале