Бүгін өңірде футзалдан қалалық ашық чемпионат пен суперкубок ойындары басталды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2024 жылдың көктеміне дейін жалғасатын лигаға облыстан 44 әуесқой футзал командалары қатысуға ниетті.
«Айтулы шараның ашылу салтанатына қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Чемпионатта мықтылар анықталып, үздік ойын көрсетеді деп сенеміз», - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz