27.09.2024, 9:30
Оқылды: 73

Футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

4FC29782-696D-4BFD-B292-A3F26366C524

Сурет: Olympic.kz

Ширек финалға жолдама беретін матчта қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Португалияға қарсы ойнады. 

Ойында алғаш болып Шыңғыс Есенаманов есеп  ашса, қарсыластар Зикидің көмегімен теңестірді.

Ал екінші кезеңнің ең соңғы сәттерінің бірінде Дәурен Тұрсағұлов біздің команданы алға шығарып, Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қазақстан командасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале