20.09.2024, 17:00
Оқылды: 134

Футзалдан Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші туры аяқталды. Плей-офф кезеңге әр топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңге шықты, деп жазды Қазспорт.

00064594-9093-4B1D-ACEE-B94733CCFB2E

Сурет: Қазспорт

Қазіргі таңда 1/8 финалға Аргентина, Бразилия, Иран, Испания, Қазақстан, Марокко, Парагвай, Португалия, Таиланд, Франция командалары шықты.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Матчты ертең 17:20-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале