16.03.2025, 11:00
Оқылды: 22

Футзалшылар Көрісу мерекесін қалай атап өтті?

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 29-туры «Амал»мерекесінің екінші күнімен тұспа-тұс келді.

Бұл күні оралдық «Бәйтерек» футзал клубы өз алаңында алматылық «Қайрат» футзал клубын қабылдады.

7e9a9d0c-0619-49eb-9ae9-39ae64a9d340
Наурыз бастауы саналатын, ел ішінде «Көрісу айт» мерекесі деп те аталатын мейрамды оралдық клуб ерекше атап өтті. Олар матч алдында «Бір жасыңмен, бауырым» акциясын өткізді.
Ойынға сыйлық ала шыққан «Бәйтерек» футзалшылары алматылық қарсыластарына ұлттық нақыштағы бас киім тарту етті.

f5fec58f-37ee-453b-8eb4-4d973e34c1cb
Құрамында Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шетел аяқдопшылары жиналған командалар ұлт дәстүріне, ұлттық мерекеге деген құрметін осылайша көрсетті.

- Президентіміз Бурабайда өткен ұлттық құрылтайдағы сөзін «Көрісу күні» мерекемен құттықтаудан бастады. Осы кезге дейін батыс аймақта аталып келген бұл күн ел ішіне тарай бастады. Біз де ұлттық мерекемізді, қазақы дәстүрімізді ұлықтауды жөн көрдік. Алматылық командада, біздің ұжымда да мұхиттың арғы жағынан келген ойыншылар бар. Оларға кеңдігімізді, ақ пейілімізді көрсеткіміз келді. Баршаңызды өткен «Көрісу», келе жатқан әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, - деді команда жетекшісі әрі акция ұйымдастырушысы Сергей Любавин.

057de0b5-a4e2-44e0-a286-821cd5de8216
Ел жастарын спортқа баулу, олардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру қажет-ақ. Ал өзімізбен қатар өзге ел азаматтары да мәдениетімізге қызығушылық танытқаны көпшіліктің спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале