1934 жылы өткен халық өнерпаздары слетінің қазақ музыка мәдениеті тарихындағы орны ерекше. Әуелде домбырашылардан құралған шағын ансамбль, соңынан ҚазОАтКом (КазЦИК) оркестрінің басым бөлігі слет кезінде айрықша өнерімен көзге түскен халық өнерпаздарынан құралды. Оларға жетекшілік ету үшін қазақ даласына оркестрмен бірге дирижерлік өнер келді. Алғашқы дирижерлік жұмысты академик А.Жұбанов бастаса, одан кейін көмекші ассистент болып жұмысын жалғастырған домбырашылар Ғ.Матов (1914-1942) пен М.Жаппасбаев (1914-1943) болғаны «Ән-күй сапары» кітабынан белгілі. Екі ассистент дирижердің соңында қалған мұрасы туралы ақпарат көп деп айта алмаймыз.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 26 наурыз күнгі №24 санынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік академиялық симфония оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзенің «Ғабдұлман күйші» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz