4.05.2017, 23:00
Оқылды: 111

"Галактика сақшылары. 2-бөлім" кинотуындысының қазақ тіліндегі көрсетілімі өтті

FB_IMG_1493917805012-1 City орталығында көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген "Галактика сақшылары. 2-бөлім"  галактикалық кинотуындысының қазақ тіліндегі арнайы көрсетілімі өтті.

Арнайы көрсетілімге өңір басшысы Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақұштап Бақтыгереева, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов қатысты. "Marwin" кинокомпаниясының, " Болашақ" Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылған фильм еліміздің барлық  қалаларында көрсетілмек. Аталмыш фильмді қазақша дубляж жасаған " Болашақ"корпоративтік қоры. " Галактика сақшылары" фильмінін бірінші бөлімінде басты рөлдегі Питер Квиллдің анасымен қарым-қатынасы көрініс тапса, екінші фильмде галактиканы сақтаудағы  оның әкесимен байланысы және достарының адалдығы көрсетілген.

Аталмыш фильмнің қазақша дубляжына 35-тен астам актер қатысқан. Дубляждың режиссері еліміздің театр,кино актері Шах-Мұрат Ордабаев.  Сондай-ақ бас кейіпкерлерді Тимур Пиязов(Питер Квилл), Гүлназ Әуесбаева (Гамора), Руслан Сенкебаев (Дракс), Бауыржан Қаптағай (Грут сәбиі),Ержан Жарылқасынов (Рокет) секілді мамандар қазақша сөйлеткен.

Сонымен қатар фильмде Оскар премиясының номинанты, белгілі актер Сильвестор Сталлоне ойнады.

Әсерлі таныстырылымда сөз алған облыс әкімі Алтай Сейдірұлы галактикааралық қаҺармандардың шытырманды оқиғаға толы кино туындысын "Болашақ"  корпоративтік қоры аударған 19 фильм екенін баса айтты.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале