10.05.2024, 16:45
Оқылды: 59

Ғалия Тынбаева өз мансабында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева алтын медальға таласады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1715334101

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен

48 келі салмақта белдескен Тынбаева жартылай финалда франциялық Шырын Буклиді "ваззари" ұпайымен жеңді.

Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына жолдама алып отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале